Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін жүйе жұмыс істеп тұр

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 05:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істеп тұр. Жүйе жыл басынан бері 15 мыңнан астам жол ережесінің бұзғылғанын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін жүйе туралы алдын ала хабарланды. Бұл әкімшілік құқық бұзушылықты уақытылы тіркеуге, жол-көлік оқиғасының болдырмауға бағытталған жұмыс. Таяуда машинаның маркасы мен түсін анықтау мүмкіндік болады.
«Камералар қаладан шығу жолдарына орнатылды. Жүйе «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешені деп аталады. Полиция қызметкерлері жүйенің функционалдық мүмкіндігін пайдалана отырып, жаяу жүргіншінің өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды анықтады. Бүгінгі таңда жылдамдық режимін сақтамаған 15 мыңнан астам дерек тіркелді. Жыл басынан бері 30, 40 тіпті 60 рет жылдамдықты асырғандар тіркелді. Көбіне такси қызметкерлері заң бұзады. Орта есеппен бір адамға салынған айыппұл көлемі 600 мың теңгеден асады. Егер айыппұлды 7 күн ішінде өтемесе, екі еселенеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
ҚР ӘҚБтК-нің 743-бабы негізінде тіркелген айыппұл мекен-жайы бойынша поштамен және sms хабарлама арқылы жолданады. Айыппұл арқалаған кез келген жүргізуші заң бұзған орны мен уақытын анықтау үшін 55-93-82 нөміріне қоңырау шала алады. Жергілікті полиция қызметінде видео дәлелдемені көруге болады.

Жоғары қарай