Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды

2021 жылдың 19 қазан 2021 12:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жұмысшыны қағып кетіп, ауыр жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан өзі және жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 18 қазан күні болды. «Самара-Шымкент» тасжолының Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы маңында «ВАЗ-2115» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан аумаққа кіріп кеткен. Жылдамдықты бәсеңдетпеген жүргізуші сол жерде жұмыс істеп жүрген 49 жастағы адамды қағып кетті.

«Кейін қарама-қарсы бағытта тұрған «FAW» маркалы автокөлікке соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші жолаушы мен жұмысшы Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай