Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

Ақтөбеде жол апатынан төрт адам көз жұмды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 12:32

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолында жол апаты болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін тіркелді. Самара - Шымкент тасжолының 915 шақырымында 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Volkswagen Sharan» көлігімен соқтығысты.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша, жеңіл көліктің бір жолаушысы дене жарақатын алып, төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция жол ережесін сақтауды қатаң ескертеді.


Жоғары қарай