Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жоғалған геологтар аман-есен табылды

2021 жылдың 27 қараша 2021 17:43

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалған геологтар табылды. Оларды жағдайы жақсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, із-түзсіз кеткен геологтар қыстақтан табылды.

«Бүгін сағат 14:50-де жоғалып кеткен геологтар байланысқа шығып, «Қисықсай» қыстағынан аман-есен табылды. Жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта табылған 4 геолог Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына жеткізілуде«,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.




Айта кетейік, 26 қарашадан бастап геологтарға іздеу жарияланды. Олар 25-қараша күні соңғы рет байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз қалған. Құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. Ал бүгін авиа іздеу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ еврокоптері (Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай) ұшты.





Жоғары қарай