Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде тұрақтандыру қорынан сатылымға шығарылған картоп сапасы сынға ұшырады

2021 жылдың 19 қараша 2021 18:07

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тұрақтандыру қорынан сатылымға шығарылған картоп сапасы көпшіліктің сынына ұшырады. Қазір шіріген, бұзылған көкөністің қалай сөреге жіберілгені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ биыл тұрақтандыру қорына 1268 тонна картоп салды. Шаруалардан әр келісін 62 теңгеге сатып алған корпорация картопқа 78 млн теңге жұмсады.

«Тұрақтандыру қорына салынған азық-түлік ірі супермаркеттер мен әлеуметтік дүкендерге қойылады. Келесі аптада картоп, қырыққабат, сәбіз бен пияз «Табыс» коммуналдық базарына және супермаркеттерге түседі. Сапасы туралы айтар болсам, депутаттар қоймаға барып, қарап шықты. Үнемі бақылауда. Сапасына мониторинг жүргізіледі. Біз «Гала» тұқымды сары түсті картопты сақтандыру қорына сатып алдық. Бәлкім алмастырып қойған шығар, ол тексеріледі», - деді «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ануар Асылов.




Кейін ол тілшілермен бірге қаладағы супермаркетті аралады. Онда бүлінген, түсі қызыл картоп сатылымда тұр.

«Мынау тұрақтандыру қорына салынған картоп емес. Мен сіздермен бірге келіп, жаңа көріп тұрмын», - деді Ануар Асылов.

Айта кетейік, сақтандыру қорындағы картоп қазір дүкендерде келісіне 84 теңгеден сатылып жатыр.


Жоғары қарай