Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде трактор аударылып қалды

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 13:28

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, трактор аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Самара –Шымкент» тасжолында болды. «МТЗ-80» тракторының 51 жастағы жүргізушісі негізгі жолға шығу кезінде көлікке жол бермеді. Салдарынан Қобда ауданы Әлия ауылының 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Lada-21154» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

«Медициналық сараптамадан соң 51 жастағы трактор жүргізушісінің мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ ол биыл мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Осыған қарамастан рульге отырып, жол ережесін бұзған. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай