Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Ақтөбеде төтенше жағдай кезінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 7 оқиға тіркелген

2020 жылдың 28 мамыр 2020 02:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында төтенше жағдай режимі кезінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 7 оқиға тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «СТОП ойын» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты 11 факті анықтаған.

«Ақтөбе қаласындағы 11 нысанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру пункті әшкереленді. Оның ішінде 7 факт төтенше жағдай режимі кезінде анықталған. Тінту жүргізу барысында 18 ойын автоматы, 93 процессор, 94 монитор, 62 теледидар тәркіленді. Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабымен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан 4 адамға 6 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылып, айыпты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Жоғары қарай