Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде тіркеуде жоқ 126 шетелдік көлік анықталды

2021 жылдың 22 қараша 2021 20:33

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ЕАЭО елдерінен әкелінген, бірақ тіркелмеген 126 көлік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 1 қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Мираж – Ураган» аппараттық –бағдарламалық кешенінің көмегімен ЕАЭО елдерінен әкелінген, бірақ тіркелмеген 126 көлік анықталды. Автоматты тіркеу жүйесі арқылы анықталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 270 ұйғарым берілді. 16 жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

«Қылмыстық іздеуде жүрген 7 көлік құралы анықталды. Мысалы, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған, ресейлік Datsun маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Оған жалпы сомасы 600 000 теңгеден астам 21 ұйғарым берілді. Көлік құралдарын пайдалану ережелерін және «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы» Заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының мемлекеттік кірістер департаментімен бірге 1 млн. теңгеден астам мемлекеттік қарызы бар 3 жүргізуші анықталып, ұсталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай