Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде табылған «алтын» адам өркениеттің жоғары сатысын көрсетеді -әкім

2019 жылдың 25 қазан 2019 22:36

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбеде табылған «алтын» адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кезекті «алтын киімді көне ескерткіш» - Ақтөбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын «алатын» адам тарихи құндылық. Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Атыраудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді. Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білемін. Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, дүние жүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенемін», - деп жазды Оңдасын Оразалин әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, бұған дейін Темір ауданының Тасқопа ауылынан алтын бұйымдарымен жерленген адам табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Жоғары қарай