Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Ақтөбеде сүйіктісін өлтірген жігіт сотта кешірім сұрады

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 21:15

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында сүйіктісін өлтірген сотталушы Бақыт Орынбасаров соңғы сөзін айтып, кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бақыт Орынбасаров сүйіктісі Әсем Эльбрусованы өлтірді деген айып тағылып отыр. Олар 2018 жылы танысып, 2019 жылы отбасы құруға келіскен. Тергеу нұсқасы бойынша, екі жас жалдамалы пәтерде кездесіп, 23 жастағы сотталушы сол жерде 22 жастағы болашақ жарын өлтірген.

Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушы көптің алдында кешірім сұрап, әділ жаза тағайындауды күтетінін жеткізді.

«Ата – анамнан, тума-туыстарымнан кешірім сұраймын. Соттан заңды және әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын», - деді Б.Орынбасаров.

Ал жәбірленуші тарап оған неғұрлым қатаң жаза беруді сұрап отыр.

«Бүгін біз сот шешімін тыңдауға келген едік. Шешім ертең шығатын болды. Кеше жарыссөз өтті. Сотталушының қорғаушысы Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабын «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабына ауыстыруды сұрап отыр. Ол өз кінәсін толық мойындамады», - деді марқұм Әсем Эльбрусованың анасы Айгүл Бірімжанова.


Жоғары қарай