Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде су добынан ҚР чемпионатының екінші кезеңі аяқталды

2021 жылдың 4 наурыз 2021 02:15

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде су добынан ел біріншілігінің екінші кезеңі аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы «Достық» су спорты орталығында 2006 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ел біріншілігінің екінші кезеңі аяқталды. Чемпионатқа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 9 команда қатысып, бақ сынасты.

«Бір аптаға созылған чемпионаттың екінші айналымының нәтижесі бойынша Тараз командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Барлық қарсылас командасын жеңіп, 12 ұпай жинады. Екінші орында - 10 ұпаймен Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары. Ал үшінші орында - ақтөбелік ватерполшылар, команданың қоржынында 8 ұпай», - деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметкері Ерлан Мұқан.

Айта кетейік, жарыстың бірінші туры Атырау қаласында өтті. Ал үшінші кезең және финалдық ойын Өскемен қаласында 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында болады.


Жоғары қарай