Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде су добынан ел біріншілігі өтіп жатыр

2021 жылдың 27 ақпан 2021 02:20

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында су добынан ел біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігі 25 ақпан - 3 наурыз аралығында өтеді.

Жарысқа 2006 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер қатысып жатыр.

Чемпионаттың екінші кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласы, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен, Тараз, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 9 команда бақ сынайды.

«Жарыстың бірінші туры Атырау қаласында өтті. Үшінші кезең және финалдық ойын Өскемен қаласында 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтетін болады. Жарыс барлық санитарлық талаптарға сай көрерменсіз, жабық режимде ұйымдастырылған», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметкері Ерлан Мұқан.

Ақтөбелік спортшылар Таразда жаттығу өткізді.

Онда еліміздегі мықты команданың бірімен бәсекеге түсіп, шеберлігін шыңдады.

«Бірінші турдағы көрсеткіш көңіл көншітпейді. Екінші айналымда жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміт бар. Спортшылардың кейбірі кәсіби түрде осы салаға ден қойған. Егер үздікке төрттікке енсек, финалға өтеміз. Финалда үздік үштіктің қатарынан табылсақ, Ресей чемпионатына дайындаламыз», - деді су добынан жаттықтырушы Алексей Наумов.














Жоғары қарай