Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде шетелдік көліктердің нөмірін ұрлап сатқан топ ұсталды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 15:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ресейлік және армян көлігінің нөмірін шешіп алып, әлеуметтік желі арқылы сатқан топ ұсталды. Олардың арасында жасөспірім де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері 4 адамды ұстады. Біреуі кәмелет жасқа толмаған.

«Жастар дабыл және бейнебақылау камерасымен жабдықталмаған автокөліктерден мемлекеттік нөмірді ұрлаған. Кейін автокөліктің алдыңғы әйнегіне нөмірді ақшалай сыйақыға қайтара алатынын хабарлап, тілдей қағаз тастап кеткен. «Телеграмм» әлеуметтік парақшасына хабарласуды сұраған. Ұрланған мемлекеттік нөмір үшін күдіктілер 20 - 50 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Жәбірленушілер полицияға тез арада жүгінді. Кейбірі нөмірлерін сатып алғаннан кейін ғана полицияға арызданған. Барлығы 40-қа жуық адам зардап шеккен. Қазір ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.




Қазіргі кезде 4 күдіктінің екеуі ұсталды, екеуіне іздеу жарияланды.


Жоғары қарай