Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде сенбі, жексенбі күндері автобус жүрмейді

2020 жылдың 25 маусым 2020 17:37

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Өңірде демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында сенбі, жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, гипермаркеттер, азық-түлік және азық-түлік емес тауар базары, азық-түлік сатпайтын дүкендер жұмыс істемейді, жәрмеңкелер тоқтатылады. Сонымен бірге мейрамхана, кафе, фаст-фуд, фудкорт, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындары клиент қабылдамайды. Тек тапсырыспен жеткізуге болады.

«Фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер, SPA орталықтар, салондар, сұлулық салондары, шаштараз, тырнақ студиялары, солярий, массаж орталықтары және қызмет көрсету саласының басқа да ұқсас объектілері жұмыс істемейді. Қоғамдық монша, сауна жабылып, қоғамдық көліктің қозғалысы шектеледі. Қоғамдық орындарда, саябақ, сквер, жағалаулардың, көшедегі ойын алаңдарының және азаматтардың өзге де демалыс орындарында жүруге болмайды», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Облыстың бас санитар дәрігері қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне көшіруге, жұмыс орнына дейін және тұрғылықты жеріне қайта жеткізуді ұйымдастыруға кеңес берді.


Жоғары қарай