Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде сауда үйіндегі өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 19:36

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде сауда үйіндегі өртті сөндіруге 13 техника мен 46 адам жұмылдырылған. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше түнде Ақтөбедегі «Тұрсын» сауда үйінен өрт шықты .

Мұнда шақырту сағат 21:30-да түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан бес минутта жеткен. Себебі бұл жерде жапсарлас орналасқан ғимарат көп, ауданы - үлкен.

Жедел штаб құрылып, өрт сөндірушілер екіге бөлініп жұмыс істеді.

«Барлығы 13 техника мен 46 адам жұмылдырылды. Алғашында бірінші қабаттан өрт шығып жатыр деп ойладық. Отты сөндіру кезінде екінші қабаттың да жанғаны анықталды», - деді Ақтөбе қалалық ТЖБ бастығы Айбат Жаңабергенов.

Өрт сағат 22:17-де толық сөндірілді. Негізінен азық-түлік жанып, сауда павильондары бүлінді. Қазір өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр.

Сауда үйі уақытша жұмысын тоқтатты. Мұнда электр тогы мен газ ажыратылды.








Жоғары қарай