Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде облыстық мәслихаттың экс-депутатына қатысты қылмыстық іс сотқа жетті

2021 жылдың 23 тамыз 2021 11:33

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облыстық мәслихаттың экс-депутатына қатысты қылмыстық іс 8 ай өткен соң сотқа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс сотқа жеткенімен, әзірге алғашқы отырыстың уақыты анықталмады. Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, бұл іске қатысты үш айыпталушы бар. Олар: Аркадий Ни, Гүлмира Сабырә лиева және Наталья Сәдуова . Ал судьясы - Ахметқали Молдағалиев.

Еске салсақ, 2020 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қарым-қатынасқа түсті деген күдікке ілікті. Полиция ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 128-бабының тәртібімен күдіктіні Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамады. Көп ұзамай Nur Otan облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес бюросына Аркадийді Ниді Nur Otan партиялық билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынды. Облыстық Саяси кеңес бюросының қаулысымен ол Nur Otan партиясы қатарынан шығарылды.



Жоғары қарай