Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 20:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметі Ербол Данағұлов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық саяси кеңес бюросының шешімімен «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Ербол Данағұлов келді . 38 жастағы жаңа басшы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Еңбек жолын 2002 жылы Шалқар аудандық экономика бөлімінің маманы болып бастаған. Шалқар ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы, Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі, Шалқар қаласының және Мұғалжар ауданының әкімі болып қызмет атқарған. Осы жылдың шілде айынан бастап бүгінге дейін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, партияны қайта жаңғырту аясында Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары жаңадан тағайындалған болатын.

Жоғары қарай