Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде мүгедек ерлі-зайыптыны көсеумен ұрған күдікті ұсталды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 13:19

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Ол үй иелерін ұрып-соғып, қолда бар ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға белгісіз біреудің терезе арқылы кіріп, отбасы мүшелерін көсеумен ұрып соққаны туралы ақпарат түсті. Күдікті ерлі-зайыпты мүгедектің ақшасын да алып кеткен.

«Зардап шеккендердің екеуі де мүгедек. Күдікті қарияларды көсеумен ұрып-соққан. Кейін 20 мың теңгені алып, қашып кеткен. Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, полицияны барлық жасағы іздеу жұмысына жұмылдырылды. Көп ұамай 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Жоғары қарай