Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде мерекелік шара өткізген дәмханаларға 7 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылдың 19 қыркүйек 2020 03:32

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша шектеу шараларын бұзғандарға 563 хаттама толтырылды. Барлығы 61 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Локдаунның орындалуын мобильді топ қадағалайды. Тексеру кезінде жексенбі күні «Мега Шығыс» базары, «Астана», Орталық базар жұмыс істеген. Бір ғана «Мега Шығыс» базарына 300 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен бірге қоғамдық тамақтану орындары мерекелік шара ұйымдастыруды тоқтатпай тұр. Барлығы 24 тамақтану орны анықталды. Оларға 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.

Ақтөбе облысында 33 мониторинг тобы жұмыс істейді.

Топ құрамында жергілікті атқарушы билік өкілдері, мәслихат депутаттары, полиция мен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері бар.


Жоғары қарай