Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде мектеп мұғалімдері түгел вакцина салдырды

2021 жылдың 24 шілде 2021 00:25

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде медициналық қарсы көрсеткіші жоқ мектеп мұғалімдерінің бәрі вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 460 мың адам вакцина алуы керек. Қазіргі кезде 211 мыңнан астамы бірінші, ал 118 мыңнан астамы екі компонентті де қабылдады.

Соның ішінде құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлері түгел вакцина салдырды.

Тек медициналық тұрғыда кері көрсеткіші бар адамдар уақытша имммундау жұмысынан шеттетілді.

«Облыстағы мектеп мұғалімдері вакцинациялау жұмысы кезінде белсенділік танытты. Олар өздеріне артылған жауапкершілікті жақсы сезінеді. Әрі осы арқылы мектепке қайта оралып, дәстүрлі түрде білім алуға мүмкіндік бар»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.

Ақтөбе облысы бойынша 18 мыңнан астам педагог қазір жаңа оқу жылына дайын. Сонымен қатар 10 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Әлі де құжат қабыдау рәсімі өтіп жатыр.

«Біз үшін баланың қауіпсіздігі маңызды. Мектепке барып, ондағы жағдайды білдім. Мұнда арнайы QR код арқылы мәртебені анықтап, білуге болады. Коронавирус инфекциясына қатысты ақпаратты да үлкен экран арқылы біле аламыз»,- дейді ақтөбелік тұрғын Айсұлу Убайтжанова.

Ақтөбе облысы бойынша барлық емхана мен ірі сауда орындарында вакцинация пункті бар. Олар кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Өңірде иммундау шарасы жалғасып жатыр.

«Ақтөбе облысы бойынша біз 460 мың адамды қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 18 мыңнан астамы педагог. Қазіргі кезде мүғалімдер түгел вакцина салдырды. Қазір мектепке дейінгі мекемелер мен орта арнаулы, жоғары оқу орындары қамтылып жатыр»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Жоғары қарай