Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр

2020 жылдың 30 қараша 2020 23:48

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көпқабатты жатақхананың шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 21:30-да Ақтөбе қаласының дағдарыс жағдайларындағы басқару басқарманың кезекші бөліміне жатақханадан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 7 техника жұмылдырылған.
«Қазіргі ақпарат бойынша 200 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы хабарлама келіп түспеді. Қосымша ақпарат тағы хабарланады», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай