Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде көпбалалы ана қағаз майлық шығару өндірісін бастады

2020 жылдың 15 тамыз 2020 09:15

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көпбалалы ана Жаңылай Ибраева қағаз өңдеп, қағаз майлық шығаруды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ибраевтар отбасы бір жыл бұрын шешім қабылдап, жеке кәсіпкер болуды мақсат еткен. Бизнес жоспар дайындап, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасынан көмек алды. Құжаттарын жинап, екінші деңгейлі банк филиалына барды. Жаңа жоба «Қарапайым заттар экономикасы» аясында қаржыландырылды.

«Кәсіпкерге 5 миллион теңге 60 айға берілді. Оған қажетті құрал-жабдық сатып алды. Несие субсидияланды. Қаржы институты арқылы несиенің 9 пайыздық үстемақысы өтелді. Ал 6 пайызын кәсіпкер өзі төлейді. Ол жеңілдіктер алмай, бірден несие өтеуді бастады», - деді екінші деңгейлі банк филиалының директоры Айнұр Медетбаева.







Қаржыға биыл арнайы құрал-жабдық сатып алынды. Қырғызстаннан жеткізілген аппарат карантинге қарамастан іске қосылды.

«Қазір өзім бала күтімімен үйде отырмын. Отбасымда 4 балам бар. Олардың жарқын болашағы үшін іс бастауға шешім қабылдадым. Шағын цех іске қосылғалы бір күн де тоқтамай, жұмыс істеп келеміз. Қоғамдық тамақтану орындарынан сұраныс бар. Сонымен бірге стоматология мен жеке кәсіпкерлер, таныстарым, достарым алады. Әлеуметтік желіде @Qagaz_kz парақшасы ашылды. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, әжетхана қағазын шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Жаңылай Ибраева.

Айта кетейік, цех күн сайын 600 қаптама майлық қағаз шығарып жатыр. Qagaz.kz брендін қалыптастыру мақсатында ірі сауда орындарымен келісім жүріп жатыр.





Жоғары қарай