Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды

2021 жылдың 24 маусым 2021 18:23

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы болып, 25 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтөбе ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болды. «LADA Priora» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі Т.Жүргенов ауылы жағынан Қарабұтақ кенті бағытында қозғалып, жолдың оң жақ жиегіне аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 22 жастағы жолаушы Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, дәл осы бағыттағы тасжолда жүк және жеңіл көлік соқтығысып, үш адам көз жұмаған болатын.



Жоғары қарай