Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде көлік аударылып, екі жолаушы ауруханаға түсті

2021 жылдың 22 қараша 2021 18:08

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл көлік аударылып, екі әйел Кеңқияқ ауылдық ауруханасына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Митсубиси Delica» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Жаңажол ауылы жағынан Қожасай кентіне бара жатқан жолда рульге ие бола алмай, аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі әйел Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облысының полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады. Егер сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаса, автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимін шамадан тыс асырмай, маневр жасамауы қажет. Қиылыстарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және қоғамдық көлік аялдамаларында ерекше қырағылық таныту керек. Жаяу жүргіншілерді де мұқият болуға және қараңғыда жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдануға шақырамыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай