Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданғандар іспен танысып жатыр

2021 жылдың 8 сәуір 2021 12:10

АҚТӨБЕ. ҚазАқарат – Ақтөбеде «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасына алданып қалғандар іспен танысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істің тергеу жұмысын аяқтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында тұр.

«Жәбірленушілерді қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін шақырамыз. Іспен танысу 30 сәуірге дейінгі жалғасады. Ол үшін Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 271 «а» үйі, 416-кабинет мекенжайына хабарласуды сұраймыз. Байланыс телефоны: 936-416. Іс материалына сүйенсек, 2019 жылдың қараша айы мен 2020 жылдың ақпан айына кейін күдіктілер Ақтөбе, Атырау, Алматы жәнеАқтау қалаларының аумағында «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасын ашып, тұрғындардың ақшасын заңсыз иемденген. Сонымен қатар бөліп төлеу арқылы автокөлік пен жылжымайтын мүлікті қабылдаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы, ІІІ-бөлігі 1,2-тармақтары, 262-бабының 1,2-бөліктері бойынша айып тағылды.


Жоғары қарай