Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдейді

2021 жылдың 31 мамыр 2021 21:46

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе бір аптаға жуық уақыттан бері «жасыл» аймақта. Өңірде карантин шектеуі жеңілдейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өткен тәулікте 32 жағдай тіркелді. Дерттің симтомды түріне шалдыққандар Ақтөбе қаласы мен Алға, Мұғалжар ауданының тұрғындары. Аурушаңдықтың өсу деңгейі 0,3% құрап отыр. Бүгінге дейін өңірде барлығы 11 235 жағдай тіркеліп, оның 91 пайыздан астамы жазылды. Қазіргі кезде әлі де 3280 адам үй карантинінде. Бәрі дәрігерлер бақылауына алынған.

«Жасыл» аймақта тұрғанымызға бесінші күн. Ертең Ақтөбе облысы бас санитар дәрігерінің карантин шектеуін жеңілдету қаулысы шығарылады. Дегенмен маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау талабы сол күйі қалады»,- деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Қазір облыс бойынша 398 адам ем алып жатыр. Оның 267-і қалада. Қазір науқастардың 28-і жансақтау бөлімінде жатыр.

«Карантиндік стационарларда 18 адам бақылауда. Қазір инфекциялық кереуеттер жүктемесе 26,7, реанимациялық 17,4 пайызды құрап отыр. Өңірде вакцинация жұмысы да жалғасып жатыр. Қазір 39 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін де қабылдады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.


Жоғары қарай