Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде «Эйр Астана» ұшағы зақымданып, ұшпай қалды

2020 жылдың 22 шілде 2020 22:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе - Нұр-Сұлтан бағытындағы «Эйр Астана» ұшағына зақым келіп, ұшу бір тәулікке кейінге шегер3лд3, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін «Ақтөбе – Нұр-Сұлтан» бағытындағы KC978 рейсін ұшыруда телескопиялық траптан ұшақ есігіне зақым келді. Салдарынан жергілікті сағат 17:30-да ұшырылуы тиіс рейс ертеңгі 20:00-ге қалдырылды. Жолаушыларға қонақ үйден орын мен тамақ берілді», - деп хабарлады «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жағдайды бағалау үшін және ұшақты алдағы пайдалану бойынша шешім қабылдау үшін инженерлерді жібереді. Аталған факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.


Жоғары қарай