Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде еріктілер ауруханаларға оттегі баллонын тасып жатыр

2021 жылдың 23 тамыз 2021 18:29

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі инфекциялық стационарлар тәулігіне 800 оттегі баллонын пайдаланады. Медицина қызметкерлеріне көмек көрсету үшін волонтерлар оттегі баллонын тасымалдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық емдеу мекемесі қосымша оттегі баллонымен қамтамасыз етіледі. Тәулігіне 800 баллон қажет. Өткен жылы облыстық фтизиопульмонологиялық диспансерге орталықтандырылған оттегі станциясы орнатылды. Ол 150 кереуетке, яғни, адамға оттегі жеткізуге арналған. Бірақ қазір орталық 250 орынға шақталды. Бәріне оттегі керек. Сондықтан жергілікті зауыт арқылы тегін оттегі баллондары толтырылады. Бір баллонның бос кездегі салмағы 50 келі, ал оттегі толтырылса 80 келі. Оны мейіргерлер, санитар қызметкерлер тасиды. Бұл өте ауыр жұмыс. Еріктілер келеді, көмектеседі. Біз көмектесемін деген адамнан қашпаймыз. Қиын кезде қол ұшын созған адамдарға алғыс айтамын», - деді облыс әкімінің орынбасар Руслан Хамбаров.







Айта кетейік, Ақтөбедегі Anticovid-19 еріктілер тобы күн сайын кешкілік ауруханаларға жиналады.

«Біз Жаңақоныс ауылындағы инфекциялық аурухананың бөлімшелеріне барып, көмектесіп жүрміз. Anticovid-19 еріктілер тобының ер адамдары алма-кезек барады. Негізі 30 адам. Тек ауруханада емес, зауытқа барып, сол жерде оттегі баллондарын тиеуге көмектесеміз. Мұнда жүрген еріктілердің мамандығы әртүрлі. Бірі такси жүргізушісі болса, енді бірі кәсіпкер, менеджер де бар», - деді еріктілер тобының мүшесі Анастасия Евсеева.











Жоғары қарай