Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде екі көлік арыққа түсіп кетті

2021 жылдың 13 қазан 2021 17:22

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласындағы арыққа екі жеңіл көлік түсіп кетті. Бірінің жүргізушісі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр көшесінде орналасқан арыққа бір емес, екі көлік түсіп кетті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Shevrolet көлігінің жүргізушісі абайсызда арыққа құлаған.

«Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Әйел абайсызда сол арыққа түсіп кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сонымен бірге «Volkswagen Polo» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сәңкібай батыр даңғылында кедергі мен қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендетпей, рульге ие бола алмай қалды. Сөйтіп арыққа түсіп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.





Жоғары қарай