Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде биыл 200-ден астам аула жөнделеді

2021 жылдың 15 қазан 2021 02:16

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде биыл 220 аула жөнделіп, 67 балалар алаңы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын абаттандыру және инфрақұрылымдық дамуы бойынша бірқатар жобаны қарап шықты.

Ескі қаладағы гүл бақтары мен аллеяларды қалпына келтіру жұмысы әлі жүріп жатыр.

«Ахтанов шаршысын» қалпына келтіреміз, бұл – Қобыландин көшесі бойындағы гүл бағы, Шернияз көшесінің бір бөлігі, сосын Алтынсарин көшесінен Жангелдин ескерткішіне дейінгі жер. Қиыршық тас төсеп, 120 шам орнатамыз, ескі қоршауларды ауыстырамыз. 54 шағын сәулет пішіні мен баспалдақтарды қалпына келтіреміз»,- деді мердігер мекеме директорының орынбасары Александр Гальцев.

Жұмыстар қазан айының соңына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі ауласы бар аумақтардың абаттандырылуымен де танысты.

Ол Әбілқайыр хан даңғылы мен Алдияров көшесі бойындағы бірқатар аулаға барып, жергілікті тұрғындармен тілдесті.




«Бізге қатты ұнайды. Ауламыздың жаңартылып, балалар алаңының орнатылғаны қуантады. Қазір асфальт төсеп жатыр, жиектестар орналастырып жатыр. Осылай жалғастыра беріңізде қалада бәрі жақсы болады»,- деді қала тұрғыны Вячеслав Сухоносов.

Осы жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында 220 аула жөнделіп, балалар ойнайтын 67 алаң орнатылады, 9 саябақ пен гүл бағы қалпына келтіріледі.








Жоғары қарай