Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде бір мектеп карантинге жабылды

2020 жылдың 20 қараша 2020 23:12

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында бір мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша қазір 1 мектеп карантинге жабылды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың айтуынша, Шалқар ауданындағы 7-сынып оқушысынан СOVID-19 анықталды. Мұнда білім алып жүрген оқушылардың бәрі қашықтан оқуға көшті.

«Облыстың білім саласы бойынша барлығы 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Біреуі Шалқар ауданының оқушысы. Сонымен бірге 10-ы педагог, үшеуі техникалық қызметкер. Төртеуі балабақшадағы тәрбиеленушісі. Бұл білім ордаларында дезинфекция жұмыстары жүргізілді», - деді Гүлназ Сүлейменова.

Айта кетейік, қазір 226 мектеп дәстүрлі форматта оқытып жатыр. Онда 19 мыңнан астам бала білім алып жүр. Өзгесі қашықтан білім береді. Өңірде 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтінішімен кешекші топ ашылса, келесі аптада 5-сыныпқа да кезекші сынып қосылады.


Жоғары қарай