Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде «Бастау бизнес» жобасының бес жылдығы қорытындыланды

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 03:10

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бес жылда 3300-ден астам қатысушы қолдауға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі өңірлік кәсіпкерлер палатасында іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен «Тәлімгерлік» бағдарламасы басталды.

«Бастау Бизнес» жобасының 5 жылдығы, «Атамекен» ҰКП 8 жылдығы шеңберінде курстың алғашқы 15 тыңдаушысы тәлімгерге ие болды.

Іс-шара аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен «Бастау бизнес» жобасының түлектері өздерінің қол жеткізген жетістіктерін бөлісті.

Ақтөбелік Бибінұр Мырзабай 21 күндік курсты оғлайн аяқтап, өзінің бизнес–жобасын сәтті қорғады.

Бибінұр Мырзабай жартылай фабрикаттар дайындап, сатылымға шығарады.

«Бастау бизнес» жобасының он мыңнан астам түлегі бар. Осы жылдар ішінде 3328 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Осы жылдан бастап барлық өңірде микроқаржы ұйымдары ашылды. Онда бастаулықтарға жылдық үстемеақысы 6% несие беріледі»,- деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Шарада іскер әйелдер кеңесінің белсенді мүшелері, ӨКП бизнес-тренерлері мен қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды.





Жоғары қарай