Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Ақтөбеде балаларды заңсыз жұмысқа салғандар жазаланды

2020 жылдың 2 маусым 2020 22:16

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мектеп оқушылары дәмханада даяшы, көлік жуу орында тазалықшы болып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес» республикалық шарасы аясында облыстық полиция департаментінің «Жасөспірім» жедел алдын алу акциясы басталды.

Ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарында, ойын-сауық орындарында рейд жүргізді.

Бірінші күні қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне барлығы 74 жасөспірім жеткізілді. Оны екеуі бейімдеу орталығына орналастырылды.

«150-ден астам кәсіпкерлік объектісі тексерілді. Оның ішінде құрылыс, техникалық қызмет орталығы, көлік жуу, дәмхана, базар бар. Нәтижесінде бала еңбегін пайдаланудың 3 фактісі анықталды. Кәмелет жасына толмаған 19 бала және 15 қолайсыз отбасы арнайы тіркеуге алынды. Ақтөбе қаласында орналасқан көлік жуу орнында кәмелетке толмаған үш жасөспірім анықталды. Оның бірі - 9-сынып, екеуі -11-сынып оқушысы. Хромтау қаласында Ақжар орта мектебінің оқушысы даяшы болып жұмыс істеп жүр. Заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылды. Жеке кәсіпкеріге де ескерту берілді», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Анықталған фактілер бойынша еңбек инспекциясына өтініш жолданған.


Жоғары қарай