Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде баға тұрақтылығы үшін жергілікті тауар өндірушілерге субсидия беріледі

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 00:51

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ішкі нарық сұранысын қамту үшін жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» телеарнасының «Ой түрткі» бағдарламасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы сөз болды. Онда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов әлеуметтік тауар бағасы туралы айтып берді.

«Президент тапсырмасына сәйкес азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеуіміз керек. Өңірде бірнеше шара қолға алына бастады. Мәселен, өсімдік майы енді экспортталмайды. Ақтөбедегі зауыт екі жылдан бері рафинатталмаған май шығарса, енді жаңа цехты іске қосып, рафинатталған өнім алуды жоспарлап отыр. Бұл цехтың өнімі ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Ал оларға квота беру қарастырылып жатыр. Сонымен бірге көкөністі ішкі нарыққа бағыттау қарастырылды. Өндірілетін картоп облыс сұранысының 140% қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы 80 мың тонна картоп өндірілсе, кейде басқа өңірлерге, шетелге шығарылады. Шектеу кезінде көп бөлігі ішкі нарықта қалады деп ойлаймыз»,- деді Исатай Еспағанбетов. Оның айтуынша, малды тірідей шетелге шағаруға да тыйым салынады. Дегенмен ет және ет өнімдеріне мұндай шектеу жоқ.
«Әлеуметтік нан бағасы қазір 83 теңге. Ірі сауда орындары тек бір теңге ғана қосады. Қазір төрт нан комбинаты қаланы түгел қамтып отырғаны белгілі. Ал аудандарда шағын наубайхана жұмыс істеп тұр. Енді «Азық-түлік келісімшарт прокорпорациясы» ҰК» АҚ өз өнімін 115 теңгеден диірменге беретін болса, 25 теңгесі субсидияланады. Олар бидайды арзанға алса, шығарылатын өнім де қолжетімді болмақ»,- деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов.


Жоғары қарай