Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде автобусқа бетпердесіз мінгендерге хаттама толтырылды

2020 жылдың 30 қазан 2020 22:31

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоғамдық көлікке бетпердесіз мінген адамдарды жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте 40-тан астам құқықбұзушылықты анықтады. Бәрі фото және видеоға тіркелді. Жолаушылар маска тақпаған. Барлық материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша шара қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жіберілді. Көбіне 13, 1, 41, 12 бағыттағы қоғамдық көліктерде карантин талабы ескерілмеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай