Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға пәтер беріледі

2020 жылдың 25 қазан 2020 02:17

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында пәтер кезегінде тұрған 353 отбасы биыл баспаналы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жандос Әлімов пәтер беру жұмысын баяндады. Қазір қалада 24 740 отбасы кезекте тұр. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері мен қатысушылары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер бар.

«Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 353 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Аталған тұрғын үйлердің инженерлік желілерін тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін кезегі келген 353 отбасы баспанамен қамтылады. 46 пәтер жетім балаларға беріледі», - деді Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастар бөлімінің басшысв Жандос Әлімов.
«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы талқыланды. Спикер мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, кезекке қою және беру туралы баяндады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.


Жоғары қарай