Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Ақтөбеде 40 жыл Самарқанды билеген Жалаңтөс батыр ұлықталды

2019 жылдың 26 қазан 2019 18:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Ұлы даланың ұлы есімдері: Жалаңтөс баһадүр және түркі дүниесі» атты халықаралқ конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгін Ақтөбе қаласында Жалаңтөс батырдың ескерткіші орнатылып, халықаралық конференция өтті. Оған еліміздің тарихшылары мен Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстаннан зерттеушілер, жас ғалымдар келіп, өз баяндамаларын жасады.

«Жалаңтөс батыр аса білімді болған. Бес жасынан бастап медреседе біліп алып, 1590 жылы Бұхар хандығының жоғары дәрежелі қолбасшылары дайындайтын әскери оқуды тәмамдап шыққан. Алғыр да зерек Жалаңтөс 1595 жылы Бағдат қаласындағы жоғары мектебіне түсіп, 1598 жылы бітіріп шығады. Бабамыз ел басқару, саясаттану, жаратылыстану, сәулет өнері саласында жоғары деңгейлі білім алып, ойға түйгенін іс жүзінде қолданды. 1626 жылы Бұхар хандығына тәуелсіз Самарқан аймағын құрып, оған әмір болды. Академик М.Массон өз еңбектерінде Пәкістан, Ауғанстан, Тибет, Үндістаннан оған жіберіліп тұрған сый-сияпаттың мөлшері хан қазынасынан асып кетті деп жазады. Баһадүр билеген заманда Самарқан Орта Азиядағы ең қауіпсіз қала болды. Парсылардың жеңгеннен кейін абыройы әрі қарай асқақтады. Ол әр жорығынан алып қайтқан байлығын әскерін көбейтумен қатар қаланы көркейтуге жұмсаған. Қазіргі жастарды тәрбиелейтін, патриоттық сезімді оятатын тұлғаны ұлықтауға арналған мұндай шараның берері мол », - деп атап өтті философия ғылымдарының докторы, профессор Ахан Бекежан.

Конференция қатысушылары Жалаңтөс баһадүрдің есімін тек Орта Азияда емес, әлемге танытып, жеткізуді көздеп отыр.

«Жалаңтөс батыр қазақ байларының бұрынғы ата-салтын ерекше ұстаған. Бұл кісі тарихта Әмір Темір, Ұлықбектің ізін жалғастырған деп айтсақ болды. Жалаңтөс бабамыз екі үлкен ғимарат салып кетті. Бұл - Арыстан және Тилла – Кори медресесі. Жалаңтөс бабамыздың университеттері десем артық айтқаным болмас. Ол 44 жыл Самарқанды билегенде үш ханды басынан өткізген. Хан ауысқанда өзге қалалардың билеушісі ауысқанымен батыр бабамыз Самарқанды салып, Әмір Темір бастаған Регистан алаңын аяқтады», - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай.

Айта кетейік, бүгін республикалық айтыс өтіп, өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылады.

Жоғары қарай