Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбеде 17 жастағы бозбала суға батып кетті

2020 жылдың 2 тамыз 2020 23:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде сүңгуірлер 17 жастағы жасөспірім мен 34 жастағы ер адамның денесін өзеннен алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 15:36- да төтенше жағдайлар қызметі мен полицияға Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылында бір адамның суға түсіп, шықпай қалғаны туралы хабарлама түсті.

Онда 17 жастағы жасөспірімнің ата-анасымен демалуға барып, батып кеткені анықталды. Сүңгуірлер екі сағаттан соң баланың денесін 3,5 метр тереңдіктен алып шықты.

«Бүгін сағат 18:50-де құтқарушылар Елек өзенінің Алға ауданы маңынан 34 жастағы ер адамның денесін де алып шықты. Мәйіт 7 метр тереңдіктен табылды. Ол белгіленбеген жерде суға түскен әрі куәгерлердің айтуынша мас болған» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін өңірде екі адам суға кеткен болатын. Олар да тыйым салынған жерде шомылған.


Жоғары қарай