Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 408.61
EUR 454.09
RUB 5.86
CNY 57.28

Ақтөбе стансасында жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 15:59

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 31 наурыздан бастап Ақтөбе стансасында жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан теміржолы» компаниясына сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2020 жылдың 31 наурызынан Ақтөбе стансасына дейін және сол жерден тіркемелі мен қайта отырғызылмайтын вагондарды қоса алғанда, жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға және жолаушыларды мінгізу мен түсіруге тыйым салынғандығын хабарлайды.
2020 жылдың 31 наурызынан №33/34 «Ақтөбе-Шу», № 613/614 «Орал-Ақтөбе», № 691/692 «Ақтөбе-Доссор» жолаушылар пойыздарының жүруі тоқтатылады.
Сондай ақ 2020 жылдың 31 наурызынан Қандыағаш стансасына дейінгі № 309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» (тасымалдаушы «Otpan Logistic» ЖШС) пойызының қозғалыс бағыты қысқартылады.
Сондай-ақ, Ақтөбе станасына дейін және сол жерден жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеген жолаушылар ақшасы толық көлемде қайтара алады.


Басты сөздер: ҚТЖ, Ақтөбе облысы, Көлік,
Жоғары қарай