Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбе полициясы карантин талабын бұзғандарды анықтады

2020 жылдың 8 шілде 2020 21:03

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы мониторинг тобымен бірге карантин режимінің сақталуын қадағалады. Рейд кезінде талапты орындамағандарға қатысты материал жинақталып, санитария мамандарына тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен тауарлар қауіпсіздігін сақтау департаменті және мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері тексеруді жалғастырып жатыр. Олар кешкілік карантин ережесінің сақталуын қадағалайды.

«Рейд барысында тексерілген объектілердің карантин режимін сақтамағаны анықталды. Учаскелік инспекторлар құжатты жинақтап, Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен тауарлар қауіпсіздігін сақтау департаментіне шара қолдануға жіберді. Негізі карантин енгізілген күннен бері барлығы 20-дан астам құқық бұзушылық анықталып, жиналған құжаттар құзырлы мекемелерге тапсырылды. Полиция департаменті барлық азаматтарды қабылданатын шараларға түсіністікпен қарап, карантин режимін сақтауды сұрайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай