Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облысының тұрғындары 74 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр

2021 жылдың 25 шілде 2021 10:37

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Өңірде барлық сайлау учаскесі жергілікті уақытпен сағат 07:15-те ашылды. Барлығы 196 полиция қызметкеріне бюллетеньдерді күзету міндеттелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау учаскелері сағат 07:15-те ашылды. Қазір облыс бойынша 34 ауыл әкімін сайлау үшін 74 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың келуі туралы алғашқы ақпаратты жергілікті уақытпен сағат 9:00-ден бастап әрбір екі сағат сайын таратамыз», - облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаева.




Айтып өтейік, аумақтық сайлау комиссиялары маска тағу, антисектик қолдану, арақашықтықты сақтау туралы біледі. Дауыс берушілерге де маска тағу міндеттеледі.

«Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты санитарлық талап қатаң сақталуы керек. Сайлау комиссияларының жұмысы, дауыс беру ережесі, үйде дауыс беру секілді бағыттар бойынша ереже бар. Бәрі сақталуы керек», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Барлығы 196 полиция қызметкері сайлау бюллетенін күзетіп отыр.

«Сонымен бірге 74 полиция қызметкері 12 ауданға сайлау бюллетеньдерін жеткізу кезінде жолда ілесіп жүрді. Соңына дейін сонда болады. Құқықбұзушылық болса аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының ұсынысымен әкімшілік, қылмыстық жауапқа тартылады», - деді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.








Жоғары қарай