Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облысының әкімі шошқа фермасына қатысты пікір білдірді

2020 жылдың 20 қараша 2020 11:32

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин шошқа фермасындағы жағдайға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бестамақта болған жағдайға байланысты барлық құзырлы мекемеге тиісті тапсырма бердім. Қазір осыған қатысты арнайы комиссия құрылды. Олар жағдайды жіті тексеретін болады. Сондай-ақ, осы салаға жауапты орынбасарым мен эколог мамандар брифинг берді. Комиссия тексерісті аяқтаған соң, барлығын ашық баяндайтын болады. Арандатушылыққа жол бермейміз. Біздің басты жетістігіміз – береке мен бірлік, тыныштық. Ауызбіршілік танытайық, әбден істің байыбына барып, сабыр сақтап, құзырлы органдардың тексеру нәтижесін күтейік», - деп жазды облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғындары шошқа фермасындағы біраз кемшілікті атады. Олар ішек-қарынды жою, өлексені залалсыздандыру жұмысы жүргізілмейтінін, көму кезінде біраз талаптың сақталмайтынын айтты. Қазір мұнда шошқа сою жұмысы тоқтап тұр. Экологтар да кемшіліктің тіркелгенін растады.


Жоғары қарай