Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында балық қырылды

2020 жылдың 2 маусым 2020 19:10

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы ең ірі су қоймасында балық қырылды. Қазір инспекторлар себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарғалы су қоймасындағы балықтың қырылуы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Қазір инспекторлар анықтау жұмыстарына кірісті.

«31 мамыр күні инспекция мамандары мен Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Қарғалы су қоймасының жұмысшылары аумақты аралады. Қырылған табан балығы мен судан сынама алынып, облыстық ветеринария және экология департаменінің зертханасына тапсырылды. Су мөлдір, жағымсыз иіс жоқ. Балықтан да жағымсыз белгі байқалмады», - деді облыстық орман шаруашылығы және жануалар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрболат Дүйсенов.

Оның сөзіне сенсек, келесі аптада сынама қорытындысы белгілі болады. Бұл су қоймасында мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отыр.



Жоғары қарай