Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

2021 жылдың 22 маусым 2021 16:46

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол-көлік апаты салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 21 маусым күні сағат 17:21-де «Қарабұтақ-Қостанай» автожолының 171-шақырымында болды.

«Lifan» автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі қарсы беттегі жолаққа шығып кетіп, Ресей азаматының басқаруындағы «Man» жүк автокөлігімен соқтығысты.

Салдарынан «Lifan» автокөлігінің жүргізушісі, 41 және 62 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

«Сонымен қатар 52 жастағы әйел мен 48 жастағы ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жол ережесін сақтамай, қайғылы жағдайға душар болып жатады», - дейді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.








Жоғары қарай