Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облысында мұғалімдердің 100 пайызы вакцина алды

2021 жылдың 29 тамыз 2021 17:34

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында мұғалімдердің 100 пайызы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«1 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастайды. Барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талап қатаң сақталады. Үкіметтің арнайы ведомствоаралық комиссиясының шешімімен 1 қыркүйектен бастап барлық мектептер оқуды дәстүрлі форматта бастауы керек. Осыған сәйкес еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің, Ақтөбе облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары шығарылды. Осы қаулыларға сәйкес барлық мектепте санитарлық жағдай толық тексерілді. Мектептерде оқушылар арасында аурудың таралуын болдырмау жөнінде арнайы шаралар қабылданды», делінген хабарламада.

Өңірдегі барлық мұғалім, техникалық қызметкер 100 пайыз вакцина алған.

«1 қыркүйектен бастап барлық мектептерде арнайы фильтр ұйымдастырылып, оған арнайы мамандар бекітіледі. Мектептерде бұрынғыдай кабинеттік жүйе болмайды, әр сынып өз класында оқиды. Қоңырауда әр сынып оқушыларының бір-бірімен кездеспеуі жөнінде арнайы шаралар қолданылады. Асханаға да әр сыныптың балалары бөлек-бөлек баруға тиіс. Дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Мектепке тек вакцина алған мұғалімдер ғана кіргізіледі», делінген хабарламада.

Ата-аналар Ashyq жүйесі арқылы (жасыл мәртебесі болғанда ғана) кіре ғимаратқа алады. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде мектептерде инфекцияның таралуына жол берілмейді.

«Эпидемиологтар, санитар дәрігерлер, емдеу мекемелеріндегі дәрігерлер тұрғындарды вакцина алуға шақырып отыр. Вакцина алмайынша, бұл ауруды толық жеңу мүмкін емес. Себебі вирус мутациялануы мүмкін», делінген хабарламада.


Жоғары қарай