Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбе облысында қылмыс 26 пайызға азайды

2020 жылдың 2 сәуір 2020 15:48

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша қылмыс 26 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл бірінші тоқсанда барлық санаттағы қылмыс төмендеді. Ауыр қылмыс 18, ауырлығы орташа қылмыс 44, онша ауыр емес қылмыс 30 пайызға азайды.

«Адам өлімі 7, қарақшылық 62, ұрлық 39, тонау 48, бұзақылық 41 пайызға төмендеген. Зорлау 75, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 42, отбасылық-тұрмыстық қылмыс 50% азайды. Елдегі төтенше жағдай қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып саналады. Прокуратура көрінеу жалған ақпарат тарату, билік өкіліне бағынбау, билік өкіліне қатысты күш қолдану, құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық және әскери қылмыс жазасы қатаң болатынын ескертеді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының прокуратурасы қала тұрғындарын заңды сақтауға, дүрбелеңге салынбай, уақытша шектеу талаптарын бұзбай, тек ресми ақпарат көзін басшылыққа алуға шақырды.


Жоғары қарай