Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облысында 32 адам коронавирус инфекциясын қайта жұқтырған

2021 жылдың 16 тамыз 2021 21:54

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 210 адам ауруханада жатыр. Оның 900-ден астамы Ақтөбе қаласында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір тәулікте тағы 336 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Көбі Ақтөбе қаласынан. Сонымен бірге Мұғалжар, Алға аудардарында да оннан астам адам ауырып, дәрігер көмегіне жүгінген. Аурушаңдықтың өсу деңгейі 1,5 % асты.

«Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханада 155, Ақтөбе медицина орталығында 79, Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта 446, Теміржол ауруханасында 206 науқас бар. Аудандарда 315 адам ем қабылдап жатыр. Әсіресе Қобда, Хромтау, Алға, Байғанин, Мұғалжарда көп. Науқастардың 105-і жансақтау бөліміне жатқызылған. Сонымен бірге 417 балаға да коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Оның 17-і ауруханаға жатты. Ал 174 жүкті әйелдің 95-і ауруханада. Инфекциялық кереует жүктемесі 65,8 % құрап отыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы Әсия Тіріжанова. Ақтөбе облысында 32 адам коронавирус инфекциясын қайта жұқтырған. Олар жазылған соң оңалту шарасына қатысады.

«Вакцина қабылдағандардың 483-і вирус жұқтырып, ауырып қалды. Ал вакцинаның екі компонентін салдырған 4 адам тамыз айында көз жұмды»,- деді Әсия Тіріжанова.

Айта кетейік, 259 мыңға жуық адам вакцинаның І компонентін, ал 195 мыңға жуығы ІІ дозасын да салдырды. Қазіргі кезде вирус жұқтырып, ПТР сынамасы оң мән көрсеткен науқастардың 72 пайызы жазылды. Дегенмен үй карантиніндегі адам саны күн санап артып барады. Бүгінде олардың саны 9 мыңнан асты.


Жоғары қарай