Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облысында 15 мектеп салынып жатыр

2021 жылдың 22 маусым 2021 13:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірде бой көтеретін әлеуметтік нысандар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясын өткізген өңір әкімі Оңдасын Оразалин жыл соңына дейін 10 мектеп қолданысқа берілетінін айтты.

«Халықты сапалы медициналық қызметпен толық қамтамасыз ету үшін биыл жалпы құны 900 млн теңгеден асатын 8 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу үшін 4800 орындық 15 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін олардың онын іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 5 үш ауысымды, 6 орын тапшы, бір апатты және 3 ескі мектеп мәселесі шешіледі», - деді әкім.

Оның айтуынша, өңірде спорт нысандарының құрылысы қызу жүріп жатыр.

«Өңірде спорт нысандарының құрылысы жалғасуда. Жыл басынан бері шаңғы-роллер трассасы, Триатлон паркі және 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 ауданда денешынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосу жоспарланып отыр», - деді Ақтөбе облысының әкімі.


Жоғары қарай