Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбе облысына 933 млрд теңге инвестиция тартылады

2022 жылдың 25 мамыр 2022 02:02

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2021-2025 жылдар аралығында Ақтөбе облысына 5,7 трлн теңге, оның ішінде биыл 933 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында облыс экономикасына инвестиция тарту сұрақтары талқыланды. Биыл қаңтар-сәуір айларында өңірге тартылған инвестиция көлемі 162,9 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардан 8,2% көп.

Соның ішінде 300 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берген 8 жоба жүзеге асырылды. Сүзбе мен нан-тоқаш өнімдерін шығаратын цех, сауда орталықтары, мобильді спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Дегенмен инвестиция тарту жоспарын орындамаған аудандар да жоқ емес. Олар: Қобда, Ойыл, Ырғыз, Әйтеке би, Алға, Темір аудандары. Облыс орталығында да осындай жағдай. Индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы ​Қуандық Қасымовтың сөзінше, биыл 90,6 млрд теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Сөйтіп 1100 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
«Аудандарда және облыс орталығында әрбір жоба үнемі бақылауда болуы тиіс. Әр үш ай сайын талдау жүргізіп отырыңыздар. Егер бір жер кешеуілдеп жатса, жағдаймен жекелей айналысыңыздар»,- деп тапсырды облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Айта кетейік, 2021-2025 жылдар аралығында Ақтөбе облысына 5,7 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Ал биыл 933 млрд теңге инвестиция тартылады.

Жоғары қарай