Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

"Ақтөбе-Қандыағаш" жолының құрылысына 500-ден астам адам жұмылдырылады

2021 жылдың 21 наурыз 2021 18:03

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе – Атырау» тасжолының Ақтөбе-Қандыағаш қаласы аралығын жөндеу биыл басталады. Қазір қажетті материалдар құрылыс алаңына тасымалданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолына күрделі жөндеу жүргізетін мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті. Жалпы ұзындығы 44,3 шақырым болатын Ақтөбе – Тамды аралығын «СП Сине Мидас Строй &Тодини» ЖШС жүргізеді. Жоба құны - 39,7 млрд теңге. Ал Тамды ауылы мен Қандыағаш қаласы арасындағы тас жолды «Ақжол Кұрылыс-АзВирт-АссанаДорСтрой» компаниясы жөндейді. Мекеме 2023 жылға дейін 51,7 шақырым жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауы тиіс. Жоба құны 22,7 млрд теңге.

Қазір мердігерлер құрылыс материалдары мен темірбетон бұйымдарын дайындап жатыр. Ақтөбелік «Стройдеталь», «ЖБИ-25» кәсіпорындарының 200 мың тоннадан астам инертті материалы, сонымен қатар, жергілікті карьерлердің қиыршақтасы әкелінді.

Мұғалжар, Алға аудандарының әкімдіктері, «Қазавтожол» және мердігер мекемелер арасында жергілікті тұрғындарды жол құрылысы тарту туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Жалпы алғанда екі жобаны жүзеге асыруға 560 адам тартылып, 300 техника жұмылдырылады.

Жоғары қарай